«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын іске асыру-
бүкілхалықтық міндет»
(ата-аналармен кездесу)
Мақсаты: Ата-аналар арасында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зиянын түсіндіру, адалдық пен әділдік құндылықтарын насихаттау, отбасы мен мектептің бірлесіп жұмыс істеуінің маңызын көрсету.
Дөңгелек үстел барысында қаралатын мәселелер
1.Сыбайлас жемқорлық ұғымы және оның қоғамға әсері
2.Отбасындағы тәрбие – адал ұрпақ қалыптастырудың негізі.
3.Балаларға әділдік, адалдық құндылықтарын үйрету жолдары.
4.Балабақша пен ата-ананың бірлескен жұмысы.
5.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Ата-аналардың құқықтық сауаттылығы артады.
Отбасында адалдық пен әділдікке негізделген тәрбие күшейеді.
Балабақша пен ата-ананың серіктестігі нығаяды.
Қорытынды шешім:
Ата-аналар адалдық қағидаттарын ұстануға келісім білдіреді.
.Балабақшада ашықтық және әділдік қағидалары сақталады.
Бірлескен тәрбие жұмысы жалғасады.
Хаттама
Тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын іске асыру – бүкілхалықтық міндет» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысы
Өткізілген күні: 03.03.2026 жыл
Өткізілген орны: Балабақша
Жүргізуші: Балабақша меңгерушісі
Хатшы: Тәрбиеші Г. Нұрғали
Күн тәртібі:
1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы ақпарат беру
2.Ата-аналармен пікір алмасу
3.Ұсыныстар қабылдау
Тыңдалды:Күн тәртібіндегі мәселе бойынша балабақша меңгерушісі сөз сөйледі.Өз баяндамасында еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарына тоқталды.Сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына кері әсері, оның алдын алу жолдары түсіндірілді.Сонымен қатар, осы бағыттағы уәкілетті орган –Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екені атап өтілді.Ата-аналарға адалдық, әділдік, заңға құрмет құндылықтарын бала тәрбиесінде басты орынға қою қажеттігі айтылды.
Сөйлегендер:
1.Ата-ана Кержанова Баян Б.
Балаларға адалдық қасиетін үйрету отбасы тәрбиесінен басталатынын айтты.
2.Ата-ана Мырзахметова Ақнұр М.
Балабақша мен ата-аналар арасында ашық байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтті.
3.Ата-ана Уркинбаева Бекзада Е.
Құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында осындай кездесулерді жиі өткізу ұсынысын білдірді.
Қаулы етілді:
1.Балабақшада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстары жалғастырылсын.
2.Ата-аналар тарапынан адалдық қағидаттарын сақтау қамтамасыз етілсін.
3.Ашықтық пен әділдік қағидаттары білім беру ұйымында тұрақты сақталсын.
4.Осындай түсіндіру жұмыстары жылына кемінде 2 рет ұйымдастырылсын.
Хатшы: Г.Ө.Нұрғали
