|
Бекітемін «Балдырған» бөбекжай - бақшасы директоры_______Г. Косниязова «_______»_______2021жыл |
«Балдырған»бөбекжай-бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының
2021-2022 оқу жылына арналған қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары
№ |
Іс-шаралар |
Мерзімі |
Жауаптылар |
1. |
Қамқоршылық кеңес отырысы №1 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен таныстыру. 2. Қобда ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2017 жылғы 30 қазандағы №221 бұйрығымен бекітілген білім беру мекемесіндегі қамқоршылық кеңес құрамын таныстыру. Қамқоршылық кеңестің төрайымы мен хатшысын сайлау. 3. «Балдырған» б/б директоры Г.Т. Косниязованың мекеме қызметінің басым бағыттары туралы есебі. 4. Кеңестің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту |
қыркүйек 2021 жыл |
Кеңес төрағасы |
2. |
Мектепке дейінгі мекеменің материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға қаражат бөлу туралы. |
Жыл бойы |
Кеңес төрағасы |
3. |
Қамқоршылық кеңес төрағасының оқу жылындағы жұмыс қорытындысы бойынша есебі |
Тамыз 2021
|
|
4. |
Мектепке дейінгі мекеменің материалдық-техникалық базасымен қанағаттану деңгейін анықтау бойынша ата-аналарға сауалнама жүргізу |
қыркүйек 2021 |
Кеңес мүшелері |
5. |
Ақпараттық жұмыс - Қамқоршылық кеңестің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық базамен танысу |
қыркүйек 2021
|
Кеңес төрағасы |
6. |
«Жаңа оқу жылына арналған мектепке дейінгі мекеме жұмысының негізгі бағыттары» жалпы ата-аналар жиналысына қатысу |
Қыркүйек 2021
|
Кеңес төрағасы |
7. |
Мектепке дейінгі мекеменің сайтында қамқоршылық кеңестің беттерін жаңарту |
Жыл бойы |
Хатшы |
8. |
Материалдық-техникалық базаны дамыту Білім беру мекемесіне материалдық-техникалық базаны дамытуға, білім беру сапасын қамтамасыз етуге жәрдемдесу: - Топтарға ойын жиһаздарын сатып алу (шаштараз, емхана, ас үй); - Қайта жинақталған топтар үшін жиһаз сатып алу (шешінуге арналған шкафтар, сүлгілерге арналған ілгіштер, орындықтар, құмыраларға арналған шкаф) - Жаңа жылдық мерекелерге арналған музыкалық зал мен холлдарды безендіру (шырша гирляндалары, кәдесыйлар); - Заттық-ойын ортасын кеңейту үшін ойын материалдарын сатып алу (дидактикалық ойыншықтар, балалардың музыкалық аспаптары). |
Бір жылдың ішінде
|
Кеңес мүшелері |
9. |
Қамқоршылық кеңес отырысы №2 1.2021-2022 оқу жылында тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру. 2.Бөбекжайда бюджет қаражатын бөлу жөніндегі бағыттарды іске асыру туралы 3.Бөбекжайдағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай қағидаларын сақтау. |
Желтоқсан 2021 жыл |
Кеңес төрағасы |
10. |
Білім беру мекемесінің педагог және өзге де қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсартуға жәрдемдесу: -Тәрбиеленушілерге экскурсия ұйымдастыру; - Жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету; - Көрнекі ақпаратты орналастыру үшін стендтер сатып алу. |
Бір жылдың ішінде
|
Кеңес мүшелері |
11. |
Көрнекі ақпаратты орналастыру үшін «Бір терезе» стендін сатып алу. |
Бір жылдың ішінде |
Кеңес мүшелері |
12. |
«Ақпараттық себеттер» (ағымдағы проблемаларды анықтау, жедел ақпараттандыру және проблемалық жағдайды шешуге ата-аналардың өтінімі бойынша қызметтер мен мамандарды тарту)
|
Бір жылдың ішінде
|
Кеңес мүшелері |
13. |
Ата-аналарға арналған жадынамалар (ақпаратты топтарда стендтерде орналастыру) |
Бір жылдың ішінде
|
Кеңес мүшелері |
14. |
Қайырымдылық марафондары |
Наурыз |
Кеңес мүшелері |
15. |
Қамқоршылық кеңес отырысы №2 1.2021-22022 жылға арналған балабақша бюджеті туралы 2.Балабақшада тамақтануды ұйымдастыру туралы. 3.Аумақты абаттандыруға көмек (учаскелердегі жабдықтарды сырлау, сенбіліктер, гүл көшеттерін сатып алу, ағаш бұтақтарын кесу) |
Сәуір 2022 жыл |
Кеңес төрағасы |
ХАТТАМА №1
МКҚК «Балдырған» бөбекжай-бақшасының қамқоршылық кеңес отырысы
Өтілген күні: 10.09.21 жыл
Өтілу түрі:
Қатысқандар: -7 адам
Комиссия мүшелері:
Евескина Ж.С
Ажмуханова Н.А
Баймагамбетова А.С
Уркинбаева Б.Е
Марқабаева Г.А
Өксікбаева Б.С
Шақырылды: бөбекжай директоры - Г.Т Косниязова
Бөбекжай есепшісі - Н.С Кужаниязова
Бөбекжай медбикесі - Б.Е Уркинбаева
Бөбекжай әдіскер - Ж.А Искалиева
Күн тәртібі:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен таныстыру.
- Қобда ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2017 жылғы 30 қазандағы №221 бұйрығымен бекітілген білім беру мекемесіндегі қамқоршылық кеңес құрамын таныстыру. Қамқоршылық кеңестің төрайымы мен хатшысын сайлау.
- Білім беру мекеме басшысы Г.Т. Косниязованың мекеме қызметінің басым бағыттары туралы есебі.
- Кеңестің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту
І ТЫҢДАЛДЫ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен таныстыру.
СӨЙЛЕДІ: Бірінші сұрақ бойынша бөбекжай директоры Г. Т. Косниязова тыңдалды. Ол қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен таныстырып, білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі білім беу ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыратындығына тоқталып өтті.
Шешім: Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыруда
және оны сайлау тәртібінде берілген үлгілік
қағидалар ережесі басшылыққа алынсын.
ІІ ТЫҢДАЛДЫ Қобда ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2017 жылғы 30 қазандағы №221 бұйрығымен бекітілген білім беру мекемесіндегі қамқоршылық кеңес құрамын таныстыру. Қамқоршылық кеңестің төрайымы мен хатшысын сайлау
СӨЙЛЕДІ: Екінші сұрақ бойынша Г. Косниязова тыңдалды. Г. Косниязова Қобда ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің тамыздағы №221 бұйрығымен бекітілген білім беру мекемесіндегі қамқоршылық кеңес құрамын таныстырды. «Балдырған»бөбекжай-бақшасының қамқоршылық кеңес құрамына:
Евескина Жанат С - Ә. Молдағұлова атындағы орта мектептің мұғалімі
Ажмуханова Нұрғыз А – «Дәулет» дүкенінің сатушысы
Уркинбаева Бекзада Е – медбике
Баймагамбетова Адеми С – үй шаруасында
Маркабаева Гулнур А- Әлия ауылдық амбулаториялық пунктің мейірбикесі
Өксікбаева Ботагөз С –шағын орта тәрбиешісі қамқоршылық кеңес мүшелері болып сайланды.
Әрі қарай «Балдырған» бөбекжай-бақшасының қамқоршылық кеңестің төрайымы мен хатшысын ашық дауыс беру арқылы сайлауды ұсынды.
Евескина Жанат қамқоршылық кеңестің төрайымына , ал хатшысы ретінде бөбекжай тәрбиешісі М. Бисенова Темірбекқызын сайлауды ұсынды.
Барлық қатысушылар ұсынылған кандидатураларды бірауыздан сайлады.
Шешім: «Балдырған»бөбекжай-бақшасының қамқоршылық кеңестің төрайымы мен хатшысы сайлансын.
ІІІ ТЫҢДАЛДЫ Білім беру мекеме басшысы Г.Т. Косниязованың мекеме қызметінің басым бағыттары туралы есебі.
СӨЙЛЕДІ: Үшінші сұрақ бойынша білім беру мекеме басшысы Г. Косниязованың мекеме қызметінің басым бағыттары туралы есебі тыңдалды. Есеп беру барысында бөбекжайдың басты міндеттерінің бірі мектеп жасына дейiнгi балалардың дене және психикалық денсаулығын қорғау және нығайту, оларды салауатты өмiр салты құндылықтарына бейiмдеу, мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлiк және жеке басының дамуын қамтамасыз ету, олардың ынталарын қанағаттандыру, жалпы адами және ұлттық құндылықтарға бейiмдеу және балалардың мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытудың бiлiм беру бағдарламаларын игеруiне жағдай жасау екендігін атап өтті.
Шешім: «Балдырған»бөбекжай-бақшасының мекеме
басшысының есебі есепке алынсын.
ІV ТЫҢДАЛДЫ Кеңестің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту
СӨЙЛЕДІ: Төртінші сұрақ бойынша қамқоршылық кеңестің төрайымы Жанаева Жадыра қамқоршылық кеңестің 2021-2022 оқу жылындағы жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.
Шешім:
- «Балдырған»бөбекжай-бақшасына қамқоршылық кеңестің төрайымы Ж. Жанаева хатшысы М. Темірбекқызы сайлансын.
- Қамқоршылық кеңестің 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспар бекітілсін.
Қамқоршылық кеңестің төрайымы Ж. Евескина
Хатшы М. Бисенова
Комиссия мүшелері:
Евескина Ж.С. Ажмуханова Н.А. Баймагамбетова А.С. Уркинбаева Б.Е. Марқабаева Г.А. Өксікбаева Б.С. |
ХАТТАМА №2
«Балдырған» бөбекжай-бақшасының қамқоршылық кеңес отырысы
Өтілген күні: 25.12.21 жыл
Өтілу түрі:
Қатысқандар: -7 адам
Комиссия мүшелері:
Евескина Ж.С Ажмуханова Н.А. Баймагамбетова А.С Уркинбаева Б.Е Марқабаева Г.А Өксікбаева Б.С |
Шақырылды: бөбекжай директоры – Г.Т Косниязова
Бөбекжай есепшісі – Н.С Кужаниязова
Бөбекжай медбикесі – Б.Е Уркинбаева
Бөбекжай әдіскер- Ж.А Искалиева
Күн тәртібі:
- 2021-202 оқу жылында тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру.
- Бөбекжайда бюджет қаражатын бөлу жөніндегі бағыттарды іске асыру туралы
- Бөбекжайдағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай қағидаларын сақтау.
І ТЫҢДАЛДЫ 2021-2022 оқу жылында тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру.
СӨЙЛЕДІ: Бірінші сұрақ бойынша бөбекжай әдіскері Ж.А. Искалиева сөз алды. Республиканың мектепке дейінгі ұйымдарындағы білім беру процесі 2021-2022 оқу жылында меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлерінде балаларды мектепте оқуға табысты дайындау үшін сапалы білім беру қызметтерін ұсынуға бағытталатын болады. 2021-2022 оқу жылына мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту, мектепте оқытуға табысты дайындау бойынша сапалы қызметтер көрсету мақсатында келесі міндеттер анықталды:
- балалардың дене және психикалық денсаулығын нығайту;
- балаларды жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға тарту («Рухани жаңғыру»бағдарламасы, «Туған жер» кіші бағдарламасы»);
- ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың әлеуметтік дағдылары мен өз бетінше оқу дағдыларын дамыту;
- балалардың жеке қабілеттерін және олардың дарындылығын дамыту;
- балаларды мектепте оқуға мақсатты дайындау деп, жаңа оқу жылында басшылыққа алатын нормативтік құжаттармен таныстырып өтті.
Сөз алды: Ажмуханова Нұрғыз Аманғалиқызы балабақша әдіскері Ж.А. Искалиеваға сұрақ қойды: Музыкалық топ ашуды жоспарладыңыздар ма?
Ж.А. Искалиева: әр оқу жылында музыка маманының қажет екенін айтып, аудандық білім бөліміне сұраныс беріп отырмыз. Бүгінгі күнге дейін жауап келген жоқ.
Сөз алды: Марқабаева ГулнұрАманқызы ересек топтарда психологтың қандай жұмысы жүргізіледі?
Ж.А. Искалиева: жоғары жас топтарында жылына 3 рет диагностика жүргізіледі, осы жылы сабақтар жоспарланған және әрбір ата-анаға танымдық үдерістерді дамыту және қажетті сабақтар бойынша ұсыныстар беріледі.
Шешім: 2021-2022 оқу жылына арналған негізгі
жылдық мақсаттар мен міндеттерді
зерделеуді жалғастыру және іске асыру.
ІІ ТЫҢДАЛДЫ Бөбекжайда бюджет қаражатын бөлу жөніндегі бағыттарды іске асыру туралы
СӨЙЛЕДІ: Екінші сұрақ бойынша бөбекжай директоры Г.Т. Косниязова тыңдалды. Балабақшада бюджет қаражатын бөлу бойынша бағыттардың іске асырылуымен, сондай-ақ ата-аналардың төлемақыны әр айдың 16-на дейін төлеу тәртібі және күн тәртібі бойынша негізгі нормативтік ережелермен таныстырды.
Шешім: Балабақшадағы күн тәртібін сақтау.
ІІІ ТЫҢДАЛДЫ Бөбекжайдағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай қағидаларын сақтау.
СӨЙЛЕДІ: Үшінші сұрақ бойынша медбике Уркинбаева Б. балабақшадағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың ережелерін сақтау туралы ақпаратпен таныстырды. Ішек және пандемияның алдын алу үшін балабақшада іс-шаралар жоспары жүргізіледі. Балабақшадағы ауыз су режимі қайнатылған және әр 3 сағат сайын өзгереді. Тәрбиеленушілерді тамақтандыру бекітілген перспективалық мәзірге сәйкес жүзеге асырылатынын, балалардың балабақшаға келмеу себептерін анықтай отырып, күн сайын мониторинг жүргізілетінін, ылғалды жинау дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргізілетінін, балалардың аурушаңдығын төмендету және денсаулығын нығайту үшін сауықтыру іс-шараларын өткізіп, таңғы гимнастика, таза ауада серуендеу, шынықтыру іс-шаралары, витаминдеу, дене шынықтыру сабақтары мен спорттық мерекелер, жазғы шынықтыру рәсімдері уақытылы жоспарға сәйкес өтілетіні туралы айтты.
Шешім:
- Бөбекжай қызметкерлері мен ата-аналарының бағдарламаға сәйкес салауатты және қауіпсіз тәрбиелеу және білім беру бағдарламаларын жасауды регламенттейтін заңнамалық және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын орындауын қамтамасыз ету.
Жауаптылар: мектепке дейінгі мекеменің барлық қызметкерлері, жас топтарының ата-аналары.
Мерзімі: қыркүйек-мамыр 2021-2022 жж.
- Балабақшадағы күн тәртібін сақтау, ата-аналардың төлемақысын уақытылы төлеуін қадағалау.
Жауаптылар: тәрбиешілер, барлық жастағы топтардың ата-аналары, есепші
Мерзімі: жыл бойы
- Балалардың денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ата-аналармен санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу. Жауаптылар: әдіскер, тәрбиешілер, медбике.
Мерзімі: жыл бойы
Қамқоршылық кеңестің төрайымы Евескина Ж.С.
Хатшы Бисенова М.Т.
Комиссия мүшелері:
Евескина Ж.С. Ажмуханова Н.А. Баймагамбетова А.С. Уркинбаева Б.Е. Марқабаева Г.А. Өксікбаева Б.С. |
ХАТТАМА №3
«Балдырған» бөбекжай-бақшасының қамқоршылық кеңес отырысы
Өтілген күні: 14.04.2022 жыл
Өтілу түрі:
Қатысқандар: -7 адам
Комиссия мүшелері:
Евескина Ж.С Ажмуханова Н.А Баймагамбетова А.С Уркинбаева Б.Е Марқабаева Г.А Өксікбаева Б.С |
Шақырылды: бөбекжай директоры – Г.Т Косниязова
Бөбекжай есепшісі – Н.С Кужаниязова
Бөбекжай медбикесі – Б.Е Уркинбаева
Бөбекжай әдіскер- Ж.А Искалиева
Күн тәртібі:
- 2021-22 жылға арналған балабақша бюджеті туралы
- Балабақшада тамақтануды ұйымдастыру туралы.
- Аумақты абаттандыруға көмек (учаскелердегі жабдықтарды сырлау, сенбіліктер, гүл көшеттерін сатып алу, ағаш бұтақтарын кесу)
- Қамқоршылық кеңесінің жұмысы туралы есеп
І ТЫҢДАЛДЫ 2021-22 жылға арналған балабақша бюджеті туралы СӨЙЛЕДІ: Бірінші сұрақ бойынша бөбекжайдың бухгалтері Н.Кужаниязова қаражат жұмсау туралы, балабақшаның қызметін ұйымдастыруға кент әкімдігі бюджетінен бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылады. Ол балабақша бюджетін қалыптастыру принциптері, бөлінген қаражат туралы айтты. Ақшалай қаражаттың жұмсалуы туралы есеп берді Мемлекеттік сатып алу бойынша қаражат.
Сөз алды: комиссия мүшесі Өксікбаева Ботагөз, бөбекжай ата-аналарынан жас топтарына кеңсе тауарларын сатып алуға көмек сұрау.
Шешім:2021-2022 оқу жылына жас топтарына кеңсе тауарларын
сатып алу үшін демеушілік көмек бөлу туралы өтініш.
ІІ ТЫҢДАЛДЫ Балабақшада тамақтануды ұйымдастыру туралы.
СӨЙЛЕДІ: Екінші сұрақ бойынша бөбекжай директоры Г.Т. Косниязова тыңдалды. Ол балабақшада балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру әр жас тобының күн тәртібін қатаң сақтауға сәйкес орындалатынын, тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесі бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау қамтамасыз етілгенін хабарлады. Балабақшада балалардың тамақтануын ұйымдастыруды күнделікті бақылау жүзеге асырылады.
Сөз алды: Маркабаева Гулнур қанағаттанушылық білдірді. Ата-аналар қоғамдастығы балабақшадағы балалардың тамақтану мәзірі, көкөністер мен жемістердің көп болуы туралы айтты.
Шешім: Ата-аналар үшін балабақша мәзіріне енгізілген
тағамдар көрсетілген дөңгелек үстел ұйымдастыру.
ІІІ ТЫҢДАЛДЫ Аумақты абаттандыруға көмек (учаскелердегі жабдықтарды сырлау, сенбіліктер, гүл көшеттерін сатып алу, ағаш бұтақтарын кесу)
СӨЙЛЕДІ: Үшінші сұрақ бойынша қамқоршылық кеңестің төрайымы Евескина Жанат жазғы кезеңде бөбекжайды ағымдағы жөндеу туралы айтты. Оның айтуынша, бөбекжай ағымдағы жөндеуге жабылады, ата-аналар жазғы демалысты ұйымдастыруға ойын алаңдарын сырлауға өз көмегін ұсынуы керек,-деді.
Сөз алды: комиссия мүшесі Ажмуханова Нұрғыз, бастаманы қолдады. Қамқоршылық кеңес төрағасы және ата-аналар чаттарына серуендеу алаңдары, гүл көшеттерін сатып алу, балабақшаға алдағы жөндеужұмыстарына көмек көрсету бойынша акция ұйымдастыру керек екенін ұсынды.
ІҮ ТЫҢДАЛДЫ Қамқоршылық кеңесінің жұмысы туралы есеп
СӨЙЛЕДІ: Қамқоршылық кеңестің төрайымы Ж. Евескина сөз алды. Қамқоршылық кеңестің бірінші отырысында оның құрамы сайланды және бекітілді, төраға сайланды, Қамқоршылық Кеңес туралы ереже бекітілді. Осыған сәйкес балабақша бойынша «Қамқоршылық кеңес құру туралы» бұйрық шығарылды. Оқу жылының басынан бастап Қамқоршылық кеңес оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға белсенді қатысты. Құрамына 9 адам кірді. Қамқоршылық кеңес жұмысының басым бағыттары:
- балаларды балабақшада оқыту мен тәрбиелеудің қауіпсіз жағдайларын жасауға жәрдемдесу;
- балабақшаның материалдық-техникалық базасын жетілдіруге, оның үй-жайлары мен аумағын абаттандыруға жәрдемдесу;
- балабақшаның конкурстарын, жарыстарын, бұқаралық іс-шараларын ұйымдастыруға жәрдемдесу;
- балабақша қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсартуға және ұйымдастыруға ықпал ету.
Қамқоршылық кеңестің 3 отырысы өткізілді, онда тәрбиеленушілердің мінез-құлқының алдын алу жұмыстарын жетілдіру, балабақша ауласын көгалдандыру және балабақшаны күрделі жөндеу бойынша балабақша мен отбасының серіктестігі мәселелері қаралды.
Қамқоршылық кеңестің тікелей қатысуымен бірқатар мәселелерді шешу мүмкін болды:
- ішкі тәртіп ережелері;
- мерекелерге арналған тіркеу.
Қамқоршылық кеңестің балабақшаның қызметі мен дамуын қамтамасыз ету үшін қосымша ресурстар тартуға, балалардың оқу жағдайларын жақсартуға мүмкіндік берді. Балабақшада өтетін барлық мерекелік күндер: «Мұғалімдер күні», «Тұңғыш Президент күні», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні», «Жаңа жыл» Қамқоршылық кеңестің қолдауымен өткізіледі. Қамқоршылық кеңес мүшелері балалардың ыстық тамағының сапасын ұйымдастыруға және бақылауға тікелей қатысады. Бракераж комиссиясының мүшелері болып табылады.
Шешім:
- Ата-аналар қауымдастығын бөбекжай аумағын алдағы оқу жылына дайындауға шақыру.
Жауаптылар: комиссия мүшелері
Мерзімі: сәуір-мамыр 2021-2022 жж.
- Балабақшадағы гүлзарларды көгалдандыру үшін гүл көшеттерін сатып алу.
Жауаптылар: комиссия мүшелері
Мерзімі: сәуір-мамыр 2021-2022 жж
- Қамқоршылық кеңесінің жұмысы қанағаттанарлық
Қамқоршылық кеңестің төрайымы Евескина Ж.
Хатшы Бисенова М.Т.
Комиссия мүшелері:
Евескина Ж.С. |
|
Ажмуханова Н.А. |
|
Баймагамбетова А.С. |
|
Уркинбаева Б.Е. |
|
Марқабаева Г.А. |
|
Өксікбаева Б.С. |
|
Евескина Ж.С. |
|
Ажмуханова Н.А. |
|
Баймагамбетова А.С. |
|