Қобда аудандық әкімдігінің 2007 жылғы 20 шілдедегі 127 қаулысына сәйкес 2007 жылдың 1 тамызынан бастап Қобда ауданы, Әлия ауылында 25 орындық балабақша құрылған. 1974 жылғы салынған бұрынғы мектеп интернатының ғимаратына орналастырылған. Қобда аудандық әкімдігінің 2012 жылдың 27 тамызындағы 171 қаулысына сәйкес бала саны кеңейтіліп ғимараттың барлық бөлігі балабақшаға берілді. Қазіргі таңда «Балдырған» бөбекжай-бақшасының коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынында 1 - 4 жас аралығындағы 60 бала тәрбиеленіп отыр. Мектепке дейінгі мекемеде 3 топ жұмыс жасайды:
1 - ерте жас топ “Балапан”
- кіші топ “Күншуақ”
1 - ортаңғы, ересек (аралас) тобы “Балбөбек”
2021-2022 оқу жылы бойынша педагогтар саны -7
6 педагог жоғары білімді, 1 педагог арнаулы орта білімді
- 1 директор- жоғары білімді, “Педагогика және психология пәні оқытушысы”, “Мектепке дейінгі тәрбие методисі”
жоғары санатты
- 1 әдіскер жоғары білімді, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» жоғары санатты
- 1 тәрбиеші жоғары білімді, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» I санатты,
- 1 тәрбиеші жоғары білімді, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» II санатты
- 1 тәрбиеші жоғары білімді, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» II санатты
- 1 тәрбиеші жоғары білімді, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» педагог -модератор
- 1 тәрбиеші арнаулы орта білім, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» санатсыз