Кіру
AA+
Балабақша «Балдырған» бөбекжай-бақшасының коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Балабақша «Балдырған» бөбекжай-бақшасының коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

«Балдырған»бөбекжай-бақшасы
Анықтама
Өткізген күні: 09.02.2026ж
«Балбөбек тобында »«Ауа өмір тынысы» ойыны баллардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейту мақсатында өткізілді. Бәжірибе барысында балалар ауаның көзге көрінбейтінін, бірақ барлық тірі ағза үшін өте маңызды екенін түсінді.

Ойын кезінде әртүрлі қарапайым тәжірибелер жасалды үрлек арқылы шарды толтыру,қағазды немесе қауырсынды ауа көмегімен қозғалту. Балалар ауаның қозғалысын, тыныс алу кезінде адамның ауамен өмір сүретінін бақылап өз ойларын айтты. 

Нәтижесінде балалардың танымдық қызығушылығы артты, ойлау қабілетті мен сөйлеу дағдылары дамыды. Сонымен қатар балалар ауаның адам өміріндегі маңызын түсініп, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігі қалыптасты.

Әдіскер: Искалиева Ж.А.